• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:15:19
Алматы
+12°

05 Қазан, 2018 Саясат

Жолдау: Бір бөлмелі пәтердің құны 7 миллион теңге. Шындық па, ертегі ме?

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің сату бөлімінің менеджерлерімен тілдесуге тура келді.

"Елбасы не дейді?" деп күтіп отырған қазақ қаншама. Назарбаевтың аузынан шыққан әрбір сөзден жақсылықтың нышанын іздеп отырған көпшіліктің үмітін Елбасы ақтады. "7-20-25"  бағдарламасының неге жүзеге аспай жатқанына алаңдаған Назарбаев Данияр Ақышев пен Асқар Мәминді тік тұрғызды. "Қазақстандықтар осы бағдарламаға қызығушылық неге білдірмей жатыр?" деген екеуін де әбігерге салғандай болды. Ақышевтің айтуынша, 2000 адам "7-20-25-тің" игілігін көріп үлгерді, баспаналы болды. Алайда бұл санға Елбасының көңілі толмады. "50 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің құны қанша?" деген кезекті сұраққа Мәмин "7 миллион теңге" деп жауап берді. Залда әлдекімнің 3 миллион дегені естілді. "7 миллион" дегенді естіп, имандай сенген Назарбаев "1 миллион 300 мың теңгесі жоқ па қазақстандықтардың?" деп налығаны даусынан білінді. Осы кезекте, 50 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерлердің құны қанша екендігіне тоқталсақ. Астанадағы бағаларды білу үшін ғаламтордың көмегіне жүгіндік, ал Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің сату бөлімінің менеджерлерімен тілдесуге тура келді. 

Астананың Есіл ауданынан 42-53 шаршы метрлік бір бөлмені 14 000 000 - 21 000 000 теңге аралығында ала аласыз (Krisha.kz сайтындағы іздеу жүйесінің берген цифрасы осындай)

Алматыдағы "Абайдың бойындағы үй" тұрғын үй кешеніндегі бір бөлмелі пәтерлер 55 шаршы метрден басталады екен. Құны 24 750 000 теңге. Бұл ең төменгі бағасы.

"Акварель" тұрғын үй кешенінде 1 бөлмелі пәтерлер 37.9 шаршы метр екен. Бағасы 14 278 000 теңге.

58.8 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерлер де бар. Құны 20 894 000 теңге. 

"Алмалы тұрғын үй кешенінде 33.7 шаршы метрден құралған бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін 8 725 000 теңге бересіз. 53.5 шаршы метрлік екі бөлменің құны 13 696 000 теңге.

Бір айта кетерлігі, тұрғын үйлер бірнеше класқа бөлінеді екен: 1, 2, 3, 4 класс.

1 класс-премиум. Бағалары удай.

2 класс - бизнес. Аты айтып тұр.

3 класс-комфорт.  Мысалы, комфортты бағалар 14 278 000-нан басталады.

4 класс-эконом. Мысалы, экономды бағалар 13 696 000-ға тең. 

Асқар Мәмин айтқан 7 миллион теңгеге, өкінішке қарай, 50 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерді екі қаладан да таппадық. Әрине, Қостанай сияқты кішігірім қалалардан табуға болады. Бірақ әңгіме Астана мен Алматы төңірегінде болған сияқты. 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір