• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:29:12
Алматы
+12°

15 Қараша, 2018 NEWS

Жедел жәрдем келгенше көз жұмған 7 жастағы қыздың екі бауыры ауруханаға түсті

«Інжуімнің өлімінен кейін екі қызым қатты күйзеліске түсіп кетті», - дейді Динара Баймағамбетова.

Әпкелерінің қазасы сіңлілеріне де әсер еткен. «Інжуімнің өлімінен кейін екі қызым қатты күйзеліске түсіп кетті», - дейді Динара Баймағамбетова. Балалардың жағдайы қалай? Бүтін бір отбасының балаларын айналдырған не сырқат? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қызының қазасынан кейін әлі ес жинап үлгермеген Динара ауруханамен екі ортада шапқылап жүргенін айтады. 2 жасар Тарғыны мен 4 жастағы Нұрбақыты ауруханаға түсіп қалыпты. Қазір неврология бөлімінде жатыр екен. Балалардың сырқатына Інжудің өлімі қатты әсер етті деп отыр.

«Нұрбақыт Інжуден кейін күйзеліске ұшырады. Жылап, түнде мені ұрып, «Інжуді алып кел, ол тірі, тірі» деп қоймайды. Тұрып жылай береді», - дейді марқұмның анасы Динара Баймағамбетова.

Тарғын мен Нұрбақыт қазір қалалық балалар клиникалық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Олармен жүздесуге аурухана басшылығы рұқсат етпеді. Балаларға әкесі бас-көз болып отыр екен.

Дәрігерлер балалардың жағдайы орташа дейді. Екеуінің де қаны аз. Үйде аяқ-қолдары құрысып, тартылып қалған. Ақ халаттылар оған не себеп болғанын әлі анықтай алмай отыр. 

«Балаларды бізге учаскелік невропатолог жіберген. Екеуінің де аяқ-қолы тартылып, талмасы ұстаған. Бірақ бізге түскелі ондай белгілер байқалмады. Әзір бақылаймыз. Тиісті ем-домын жасап жатырмыз», - дейді Наталья Головырина.

♦Жедел жәрдем 40 минутта келемін дегенше кішкентай қыз өлді

Естеріңізге салсақ, осыдан екі апта бұрын 7 жастағы Інжу Жанкина жедел жәрдем күтіп жатып, көз жұмған еді. Жеткіншектің анасы бұған кешігіп жеткен дәрігерлерді кінәлады. Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемнің 49 минутқа кешігіп жеткенін растады. Ал оқушы қыздың "механикалық асфиксиядан" қайтыс болғаны белгілі болды. Қазір болған оқиғаға қатысты тәуелсіз комиссия тексеру жүргізіп жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір