• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 09:24:50
Алматы
+35°

04 Ақпан, 2019 NEWS

Несиесін уақытылы төлемегендер жұмысқа орналаса алмауы мүмкін

Мұндай мәлімдемені еліміздің бірінші несие бюросы жасап отыр

Мұндай мәлімдемені еліміздің бірінші несие бюросы жасап отыр. Олардың айтуынша қазір жұрттың бір ғана тұтынушылық қарызы 6 трлн теңгеден асқан. Ал, мерзімі өтіп, төленбей қалған қаржының үлесі 14 %. Жұмысшылардың құқығын қорғаушылар мұны еңбек кодексінің өреcкел бұзылуы деп бағалап отыр. Екі қолға бір күрек таппай жүрген жұрттың бұл жөнінде пікірі қандай? Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде алдағы уақытта қарапайым еден жуушы болып жұмысқа орналасудың өзі қиындамақ. Оған халықтың дер кезінде алған қарызын төлемеуі себеп болуда. Бірінші несие бюросының таратқан ақпаратына сенсек, борышкерлердің берешегі 23 трлн теңгеден асқан. Оның басым бөлігі бизнес несиелер.   

«Егер де халықта төленбеген несие жөнінде проблема болса, жұмыс іздеушіге екі қолға бір күрек табылмауы мүмкін. Қазір бұл тәжірибені ритейлдік нарықта  алпауыт гипермаркеттер сәтті жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, материалдық жауапты орындарға қызметкер алар кезде, жұмыс берушілер үміткердің несие тарихына, тәртібіне міндетті түрде қарайды. Осы арқылы келеңсіз оқиғалардың алдын-алғысы келеді» - дейді бірінші несие бюросының атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева.

Бірақ, «соңыңызға» май шам алып түсетін жұмыс берушілер несие тарихыңызды тек өзіңіздің рұқсатыңызбен қарай алады. Ал, бұған онсызда жұмыс таппай сенделген жұрттың пікірі қандай? 

«Қазіргі таңда кредит алып, енді жұмыс істеп төлеу керек қой. Ал, егер оған қазір бере береді кредитті жұмысың бар ма жоқ па?. 21-ге толсаң болды кредит бере береді. Кредит алып алып, төлеу үшін жұмысқа кіргісі келеді. Сол кезде алмайды, ол дұрыс емес. Әркімнің жеке ісі деп ойлаймын несие деген. Оны жұмысқа араластырған мүлде дұрыс емес деп ойлаймын.

Тіпті, қазір несие бюросы борышкерлермен күрестің түрлі тәсілдеріне көшкен. Мәселен, Өскеменде жуырда пәтер иелері кооперативіне қарызың болса, несие берілмесін, деген бастама көтерді. Яғни, жалақыға дейін ақша алу үшін бір тиын да берешек болмауың қажет. Қысылтаяңда банк табалдырығын аттайтын тұрғындар, барлығына сапалы қызмет көрсетпейтін кооператив өкілдерін кінәлауда. 
  
«Біздің кооператив мүлде жұмыс істемейді. Үнемі ұрсысып жүруге мәжбүрміз. Төлеген ақшамыздың қайда кетіп жатқанын айтпайды. Жұмыс істесе, төлеуден қашпаймыз ғой», - деп айтты қара тұрғыны Серік Жүнісов.

Егер де несие төлеу жөнінде қиындықтар болып, байқаусызда бюроның қара тізіміне еніп кетсеңіз, онда жоғары жалақысы бар, жауапкершілігі көп жұмыстан үмітіңізді үзе беріңіз. Себебі, жұмыс берушілер мұндай үміткерлерге талапты күшейтпек. Бұл қаншалықты заңды? 

«Енді, несие алғаннан кейін, оны өтеу керек қой. Бір жерден жұмысынан айырылып, бір жерге жұмысқа кіріп жатқан кезде, егер оған тыйым салса, несиесі бар болғандығынан. Ол несиесінен қалай құтылады? Осындай азаматтарға бір шектеу қойылатын сияқты. Оны біз тентіретіп қоямыз. Далада бір қара жұмыс істегеннен басқа ешқандай жолдары қалмай қалады», - дейді заңгер Жасұлан Нұрмахамбетов.

Мамандардың сөзіне сенсек, өткен жылы Бірінші несие бюросының базасында 11,6 млн қарыз келісімшарты тіркелген. Оның 6,6 млн тұрақты займ алушылар. Демек, халықтың 3/1 бөлігі тапқан таянғанының тең жартысын несиеге төлеп жүргенін ескерсек, алдағы уақытта еңбек күшінің едәуір азайып кетуі ғажап емес.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір