2024 жылғы 5 қыркүйекте «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ-да «АЭС өңірлердің өсуі мен жаңғыруының факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының болашақтағы басымдықтарын атап өтті.
Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар, сарапшылар мен ғалымдар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерін талқылайтын болады. Сонымен қатар 6 қазанда өтетін АЭС құрылыс жөніндегі жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы, атом энергетикасының келешегі, кадрлар даярлау мәселесі талқыланады.
«Қазақстан Республикасының энергетика саласының жағдайы» және «Бейбіт атомды пайдалану» тақырыптары бойынша баяндамалар оқылады, сондай-ақ физиктер, биологтар мен экологтар қатарындағы ғалымдар азаматтардың өмір сүру сапасын дамыту және жақсарту үшін бейбіт атомдарды пайдалану туралы өз пікірлерімен бөліседі.
Жиында Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүңкеев, PhDАрман Исимов, «Экология» кафедрасының меңгерушісі Анарбек Даулетьяров, «Мұнайгаз ісі» кафедрасының оқытушысы Әлішер Ділмағамбетов пен Айнагүл Отарбаева спикерлер ретінде сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді.
Пікір қалдыру