Оңтүстік Кореяда Қазақстан туралы кітап жарық көрді

/uploads/thumbnail/20241217130910805_big.webp

Оңтүстік Кореяда Қазақстан туралы кітап жарық көрді. Кітаптың авторлары  - Алматыдағы Корея Республикасының бұрынғы бас консулы Сон Чи Гын мен Орталық Азияны зерттеуші, дипломат Чо Ын Джон.

24kz ақпараты бойынша, "Бауырлас ел – Қазақстан" атты шығарма жеті тараудан тұрады. Онда кітап еліміздің туристік көрікті жерлерін сипаттайды. Авторлардың айтуынша, олар онымен 10 жыл жұмыс істеген.

- Мен Корея мен Қазақстанды бауырлас ел деп санаймын. Осы себепті тарихи байланыстарымызды негізге ала отырып, болашағымызды бірге құруға күш салуымыз керек деп ойлаймын. Кітапты жазуыма осы түрткі болды. Басты мақсатым – Қазақстанның жеті кереметін көрсеткім келді, - дейді зерттеуші.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар