Алаш арысы Мұхаметжан Тынышбайұлының 1925 жылы жарық көрген еңбегі жазылғанына бір ғасыр өткен соң алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді. Ғасыр бұрын орыс тілінде жазылған "Материалы к истории киргиз-казахского народа" атты кітабы "Қазақ халқының тарихы" деп өзгеріп, AmalBooks баспасынан оқырманға жол тартты.
- Бұл кітаптың жазылғанына келесі жылы бір ғасыр болады. Туындының тағдыры жеңіл болған жоқ. Совет заманында ұнамаған соң, оны тәркілеп, тіпті жойып жіберді. 90-жылдардың басында Тәуелсіздік алғанға дейін оны баспаға шығармады. Тек 1992 жылы орыс тілінде қайта басылды. Түпнұсқада орыс тілінде шыққан, қазақ тілінде енді ғана жарық көріп отырған беті осы. Қазақ оқырманына өзімізге қатысты тың деректерді, ақтаңдақтарды жоятын дүниелерді көбірек ұсынуымыз керек деп есептеймін. Әр халық өз тарихын өзі жазып, оқығаны жөн. Совет заманында біз өз тарихымызды білмей, танымай келдік, - дейді AmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай.
Кітаптың қазақ тілінде шығуына қолдау көрсеткен Choko холдингінің басшысы Рамиль Мухоряповтың пікірінше, бұл кітаптың қазақ тіліне аударылуы еліміз бен өзімізді тануға көп көмектеседі.
Пікір қалдыру