Млрд-таған долларлық AI стартаптарының негізін қалаушылар жасарып барады — жаңа зерттеу

/uploads/thumbnail/20260119150527469_big.webp SM

Әлемдегі ең табысты стартаптардың кейбірін өте жас адамдар құрғаны белгілі. Мысалы, Билл Гейтс пен Марк Цукерберг компанияларын небәрі 19 жасында бастаған. Ал жасанды интеллект (AI) саласында бұл үрдіс одан әрі күшейіп келеді.

Халықаралық венчурлық Antler қоры жариялаған жаңа есепке сәйкес, AI-юнкорндардың (бағалануы 1 млрд доллардан асатын стартаптар) негізін қалаушылардың орташа жасы 2021 жылы 40 болса, 2024 жылы 29 жасқа дейін төмендеген. Зерттеу аясында әлем бойынша 1 629 юникорн мен 3 512 негізін қалаушы талданған.

Бұл үрдіс тек AI саласына тән. Басқа салаларда, керісінше, стартап иелерінің жасы өсіп келеді. Мысалы, 2014 жылы юникорн құрған кәсіпкерлердің орташа жасы 30 болса, 2022–2024 жылдары бұл көрсеткіш 34 жасқа жеткен.

Соңғы жылы жас негізін қалаушылар басқарған бірнеше ірі AI стартаптар назарға ілікті. Мәселен, Scale AI деректерді белгілеу компаниясының тең құрылтайшысы Александер Ваң небәрі 29 жаста. Компания 29 млрд долларға бағаланып, Ваң 2025 жылы Meta-ға шақырылып, жаңа AI зерттеу бөлімін басқарды.

Сондай-ақ Mercor атты AI-негізделген кадр іріктеу платформасын 22 жастағы үш жас кәсіпкер құрған. Компанияның бағалануы 10 млрд доллардан асты. AnySphere атты AI-көмекші бағдарламалау платформасын да 20-жас шамасындағы мамандар басқарады.

Antler серіктесі Фридтьоф Берге жас кәсіпкерлердің басты артықшылығы — тез қимылдау, үздіксіз тәжірибе жасау және батыл шешім қабылдау екенін айтады. Оның сөзінше, бүгінде ұзақ жылдық корпоративтік тәжірибеден гөрі икемділік пен эксперимент жасау қабілеті маңыздырақ.

Зерттеу нәтижесі AI стартаптары басқа салаларға қарағанда екі жылға жылдамырақ дамып, орта есеппен 4,7 жылда юникорн деңгейіне жететінін көрсетті. 2025 жылы тез өскен компаниялар қатарында Mistral, Lovable және Suno AI бар.

Сарапшылардың айтуынша, жас негізін қалаушылар компанияны бастапқы кезеңде жылдам өсіре алады, алайда бизнес үлкейген сайын басқару тізгіні өзгеруі де мүмкін. Соған қарамастан, қазіргі AI дәуірінде жас кәсіпкерлер инновацияның негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр.

 

Қатысты Мақалалар