Ормуз бұғазы: АҚШ Иранның 7 кемесіне соққы жасады, Иран дрондар мен зымырандар атты

/uploads/thumbnail/20260505122832803_big.webp SM

Таяу Шығыстағы маңызды теңіз жолы – Ормуз бұғазы маңында жағдай күрт шиеленісті.

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи АҚШ-ты аймақтағы қақтығысқа қайта араласпауға шақырып, «батпаққа қайта батпаңдар» деп ескертті.

Ал Дональд Трамп бастаған «Project Freedom» операциясы аясында АҚШ әскері бұғазда тұрып қалған жүк кемелерін қауіпсіз алып шығуды қолға алған.

Иран бұғазды толық бақылауда ұстайтынын мәлімдеп, соңғы тәулікте әскери және коммерциялық кемелерге зымырандар және дрондармен шабуыл жасағанын хабарлады. АҚШ өз кезегінде жеті ирандық «жылдам кемеге» соққы жасағанын мәлімдеді, бірақ Тегеран бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

Шабуылдар салдарынан Оңтүстік Корея және БАӘ кемелері зақымданған.

Сонымен қатар Иран шабуылы нәтижесінде БАӘ-дегі мұнай қоймасында өрт шыққаны айтылды.

Қазіргі таңда бұғазда шамамен 2000-ға жуық кеме тұрып қалған. АҚШ мәліметінше, екі америкалық кеме аймақтан шығып үлгерген. Ал Maersk компаниясы өз кемелерінің бірі АҚШ әскери сүйемелдеуімен бұғаздан өткенін хабарлады.

Жағдайдың ушығуы әлемдік сауда мен мұнай тасымалына үлкен қауіп төндіріп отыр.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар