Тараз қаласында бүгін, 2026 жылғы 25 сәуір күні «Жаңа Конституция және социал-демократия: мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында Қазақстан социал-демократтарының аймақтық жиыны өтті.
Жиын еліміз үшін аса маңызды. Бұл туралы шараға қатысушылар ерекше атап өтті. 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумнан кейін жаңа Конституция бекітіліп, Қазақстан түбегейлі өзгерістер кезеңіне қадам басты. ЖСДП үшін бұл реформа ерекше мәнге ие. Көптеген бастамалар партия тарапынан ұсынылды. Аталған ұсыныстар 2013 жылғы ЖСДП бағдарламасында да көрініс тапқанын атап өткен жөн.
Маңызды мәселелер жіпке тізілді
Жалпы айтқанда, Қазақстан социал-демократтарының аймақтық жиыны наурыз айынан бері осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Оның өзіндік ерекшелігі мен мәні басым. Себебі мұндай ауқымды бастамалар еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілсе, оның мәні де, маңызы да және нәтижесі де өтімдірек болмақ. Бұл жөнінде жиынның модераторы, ЖСДП орталық аппаратының басшысы Мақсұт Насибулов та атап өтті.
«Біз Қазақстан социал-демократтарының аймақтық жиынын осымен үшінші рет ұйымдастырып отырмыз. Еліміздің солтүстігі мен орталық өңірлері үшін Астанада, батыс өңірлері үшін Атырауда, енді міне Тараз қаласында оңтүстік өңірлерді қамту үшін ұйымдастырып отырмыз. Бұл жиындардың маңыздылығы сол — әр азамат, соның ішінде өзін социал-демократпын деп санайтын кез келген тұлға өз ұсынысы мен ойын еркін айтып, барлық жағдайларды баяндауға мүмкіндік алып отыр. Біз бұл ұсыныстарды жай ғана қалдырмай, болашақта партияның бағдарламасына да енгізетін боламыз. Сонымен қатар болашақта заң тармақтарына ұсыныс ретінде жіберілетін болады», — деді.
Сонымен бірге бұл жолғы жиынның Тараз қаласында өткізілуінің рухани мәні де ерекше екені айтылды.
Осы тұста партияның орталық аппаратының жетекшісі өз баяндамасында бірнеше өзекті мәселені көтерді. Оның баяндамасы «Жаңа Конституция және ЖҚШ АӨК-ті дамыту құралы» деп аталды. Мұнда сөз еліміздегі ауыл шаруашылығын дамыту мен жеке қосалқы шаруашылықтарды жетілдіруге бағытталды. «Осы тұста мен жаңартылған Ата Заңның 8-бабында бекітілген “Жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі” деген нормаға айрықша тоқтала кеткенді жөн санап отырмын. Біздің партия ұзақ жылдар бойы дәл осы бір қағиданы ту етіп, халықтың мүддесін қорғап келді. Жеке қосалқы шаруашылық деген -қарапайым ғана ауылда он қойын бағып, бес сиырының сүтін сауып, оны күнкөріс көзіне айналдырып отырған ағайын. Енді біздің партия Конституцияның 8-бабын негізге ала отырып, осы қарапайым тұрғындарды заң талаптары негізінде қорғап, қолдауы керек», - деді Мақсұт Бейбітұлы.
Сонымен бірге ол партияняң жаңа бағдарламасына жерге деген түрлі шектеулерді жою, жеке қосалқы шаруашылықтар кооперативтерінің құқықтық мәртебесін белгілеу, нақты өзін-өзі басқару және жерді қорғау мәселелері төңірегінде бірнеше ұсыным беретіндігін жеткізді.
Алдымен заң орнығуы міндетті
Мұнан соң мінберге көтерілгендер де өздерінің социал-демократиялық ойларын еркін түрде жеткізіп, жеке ұсыныстарын баяндады.
Сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова кез келген өзгеріс алдымен заңнамалық тұрғыда жүйеленіп, содан соң іске асатынын айтты. Бұл зайырлы әрі құқықтық мемлекет формасы деді ол.
«Айта кету керек, осы жұмыстар аясында заңға денсаулық сақтау, цифрлық реттеу, су заңнамасы, қылмыстық-атқару жүйесі сияқты түрлі өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер құқықтық нормаларды нақтылайды, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді және мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттырады. Сондықтан біз ең алдымен Заң жүйесін реттеуге бейжай қарамауымыз керек», — деді.
Сонымен бірге Мәжіліс депутаты партияның 2024–2026 жылдар аралығында қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулері барысына да тоқталып өтті.
ЖСДП бастамашы болған Заң нормалары:
- жер үлестері және ауыл тұрғындарыныңқұқықтарын қорғау мәселелері;
- мүгедектігі бар адамдар мен олардыңотбасыларының өмір сапасын жақсарту;
- МӘМС жүйесін реформалау
- зейнетақы жүйесін жаңғырту және жинақтарғақолжетімділікті кеңейту
- халықаралық медиацияны дамыту
- жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдаубойынша заң нормаларына өзгерістер енді.
Бұл бастамалардың әрқайсысы заңнамалық түзетулер тетігі арқылы іске асырылады. Осы тұрғыда заң жүйесінің олардың практикалық қолданылуын және институционалдық енгізілуін қамтамасыз етіп отыр деді мәжіліс депутаты.
Келесі болып сөз алған Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары Тазабек Самбетбай Қазақстанның қазіргі даму кезеңін социал-демократиялық көзқарас тұрғысынан бағалап, партия жұмысына аралық қорытынды жасап өтті.

«ЖСДП әрдайым халықтың мүддесін қорғауды мақсат етеді. Енді біз өз ұстанымдарымыздың ең жоғарғы кезеңіне жеткенін көріп, қуанып отырмыз. Біздің азаматтарымыз жаңа Конституцияда өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін, соның ішінде билікте өз өкілдерінің болуына жол ашатынын толық түсінді.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы жаңа қауіп-қатерлерді ескеріп, партия бағдарламасына цифрлық трансформация бойынша жаңа бөлім қосу қажет. Бұл азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері. Аталмыш ұсыным жан-жақты сараланып енгізілуі тиіс», - деді.
Сонымен бірге партия төрағасының орынбасары «Елдің болашақ дамуы сіз бен біздің табанды еңбегімізге және социал-демократиялық идеалдарға адалдығымызға байланысты болады»,-деп сөзін шегендеді.
Өңірлердің рөлі басым
Дегенмен мәселе тек Конституцияда ЖСДП ұсыныстарының көрініс табуында емес. Ең бастысы елдің даму бағыты ЖСДП-ның ұстанымдарымен үндесіп отыруында. Мұндай ұқсастықтар бұдан әрі де бола беретіні анық.
Өтіп отырған шараға ЖСДП-ның Жамбыл, Жетісу, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы өңірлік филиалдарының басшылары, мамандары, белсенділері және әлеуметтік сала сарапшылары қатысқанын айта кеткен жөн.
Осы қатысушылар өз кезегінде Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі, Ата заңның артықшылықтары, жаһандану заманындағы білім беру, ұлттық құндылықтар мен халықаралық стандарттар, денсаулық, медициналық олқылықтардың азаматтардың өміріне тигізетін қатері және ЖСДП жетістіктері де жан-жақты сараланды. Талдықорған–Астана бағытындағы тікелей теміржол маршрутының ашылуы барысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның рөліне де ерекше мән берілді. Сонымен бірге, құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі заңнамалық құжаттар саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігі туралы баяндалды. Бұл жөнінде сөз алған “Общественный помощник” ҚБ төрағасы Голубинская Елена қазіргі уақыттағы кейбір келеңсіз жағдайлардың алдын алу мен одан қорғану тәсілдерін айтты.
Бұдан соң жас ғалымдар мен мамандар жасанды интеллект жүйесі туралы жиналғандарға түрлі кеңестер берілді. Бұл тұрғыда білім беру, нейрожелілер қалай ойлайды, ЖИ-дің жұмыс істеу механизмі сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Жалпы шара негізінен 2 бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде баяндамалар тыңдалды. Келесі бөлім едәуір еркін форматта өтті. Бұл бөлімде партия жақтастары мен социал-демократтар өздерінің еркін ойларын ортаға салды.
Осыдан соң ЖСДП белсенділері мен жиынға қатысушы бір топ азамат арнайы алғыс хаттар мен марапатталды. Бұл да болсын партияның белсенді өмірінің айғағы,- дейді марапат иелері.
Тараз қаласында өткен аймақтық жиын - тек партияішілік кездесу емес, елдің болашақ даму бағытын талқылайтын маңызды диалог алаңы ретінде көрінеді.
Жиынның басты ерекшелігі, оның ашық форматта өтуі және қарапайым азаматтардың пікіріне басымдық берілуі. Бұл қазіргі саяси мәдениеттің өзгеріп келе жатқанын, яғни орталықтандырылған шешімдерден гөрі қоғамдық пікірге сүйену тенденциясының күшейгенін көрсетеді.
ЖСДП баспасөз қызметі. 
