АҚШ әскері Иран аумағындағы стратегиялық маңызды порт қаласы — Бандар Аббас маңындағы әскери нысанға әуе соққысын жасады.
АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, шабуыл “өзін-өзі қорғау мақсатында” жүзеге асқан. Олар нысаннан бесінші дрон ұшырылмақ болғанын мәлімдеді.
Иран жауап берді
Шабуылдан кейін Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әуе базаларының біріне соққы жасалғанын хабарлады. Бірақ қай база екені нақты айтылмады.
Кувейт әуе қорғанысын іске қосты
Кувейт билігі:
әуе қорғаныс жүйелері
“жау дрондары мен ракеталарын”
тойтарып жатқанын мәлімдеді.
Кувейт аумағында АҚШ әскери базалары орналасқан.
Әлсіз бітім қайта бұзылу алдында
Бұл оқиға: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша атысты тоқтату келісімі жағдайында болды.
Бұл соққы соңғы үш күнде АҚШ-тың Иранға жасаған екінші соққысы екені айтылды.
Ормуз бұғазы әлемдік экономикаға әсер етуде
Қақтығыс Шрмауз бұғазы маңында болып жатыр.
Бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнай мен сұйытылған газдың шамамен бестен бірі өтеді. Сондықтан мұнай бағасы өсіп жатыр, әлемдік тасымал жүйесіне қысым күшейді.
АҚШ Иранға жаңа санкциялар енгізді
АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден төлем жинайтын ирандық құрылымға санкция салды. Вашингтон “Иран әлемдік сауданы қысым құралы ретінде қолдануда” деп мәлімдеді.
Иран: АҚШ дронын атып түсірдік
Иран мәліметі бойынша, АҚШ дроны және әскери ұшақ Иран әуе кеңістігіне кіргеннен кейін нысанаға алынған.
Трамптың мәлімдемесі
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер жалғасып жатқанын айтты. Бірақ “Біз әлі келісім шарттарына қанағаттанған жоқпыз” деп мәлімдеді. Сондай-ақ “Қажет болса, қайта барып бәрін аяқтаймыз” деген қатаң сөз айтты.
Израиль факторы
Қақтығысқа Израиль де қатысуда. Израиль 2026 жылғы 28 ақпанда Иранға қарсы операцияларды бастаған болатын. Қазір Израиль Иранмен және Иран қолдайтын Хейзболла тобымен қақтығысып жатыр.