Ақын Серік Ақсұңқарұлы Құранды қазақша оқу қажеттігін айтты

/uploads/thumbnail/20260528082929442_big.webp фото

Құранды қазақшаға аударатын мезгіл жетті!

Шіркеуге кіріп көрдіңіз бе? Көрмесеңіз-- кіріңіз: мешітке кіріп мұсылман болып кетпегендей, одан сіз хрестиан болып кетпейсіз; олар Құдайға өз тілінде-орыс тілінде құлшылық қылады! Біздің құлшылық, қазақ түгілі, арабтардың өзі түсіне алмай жүрген-- араб тілінде әлі? Түсінік жоқ жерде неше түрлі пәлекет басталады! Исламдағы секталардың бәрі осы түсінбеушіліктен күшіктеп, соның соңы қасіретке ұласып жатыр. Құдайдың Сөзін түсініп, түйсінбей, оған табыну—баяғы тасқа табынумен бірдей дүние!

Құдай—қасиетті! Құран да! Қасиетті Тылсым Құдіреттің несімен қасиетті екені екіні бірі, егіздің сыңарына да түсінікті болуы керек!

Құранды қазақшаға аударып, Құдайға қазақша мінәжат ететін кезең келді! Оны әрі түсінікті, әрі жоғарғы көркем деңгейде тәржімалауға Ұлы Мәртебелі Қазақ Тілінің потенциалы жетеді! Сонда осындағы діни сектанттар мен біздің дүмше молдалар ойына келгенін істеп, елді адастыра алмайды! Алла арабқа араб тілін берсе, бізге Қазақ Тілін берген! Оған адамзаттың бәрі бірдей! Исламда ешкімге елден ерек артықшылық берілмеген! Арабқа да! 

Құранды тәржімалауға бір-екі мәрте талпыныс жасап көріп едім, не—осындағы мұсылман қауымы, не—өркениетті қоғам құрғысы кеп жатқан біздің биліктен бір реакция болмады; сонсоң, мен де қойдым...

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар