«Заңсыз жұмыстан шығарды, енді міне бір миллион талап етіп отыр»: «Қазақмыс» компаниясының бұрынғы инженері Президенттен көмек сұрады

/uploads/thumbnail/20260710212639144_big.webp Фото: ЖИ көмегімен жасалған

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Цифрландыру қызметі Балқаш телекоммуникация орталығының бұрынғы жетекші инженері Әділ Ағыбаев Президентке, мемлекеттік органдарға, БАҚ пен қоғамға үндеу жолдады. Осы кәсіпорында 21 жыл еңбек еткен ол бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан жағдайға араша түсуді сұрайды.

Ағыбаевтың мәлімдеуінше, 2023 жылы корпорация басшылығы оны және тағы үш қызметкерді заңсыз жұмыстан шығарған. Жұмысшылар сотқа жүгініп, жұмыстан шығарудың заңсыз болғанын дәлелдеп шығады, содан кейін олар қайтадан жұмыстарына орналасады.
Алайда, бұрынғы инженердің айтуынша, жұмысқа қайта оралғаннан кейін қызметкерлерге үнемі қысым көрсетіле бастаған. Ол әріптестерінің бірі мұндай психологиялық қысымға шыдамай қайтыс болғанын, ал қалғандары жұмыстан өз еркімен кетіп, басқа жұмыс іздеуге мәжбүр болғанын алға тартады.

2026 жылы, Ағыбаевтың айтуынша, оны тағы да жұмыстан шығарған – бұл жолы штатты қысқарту сылтауымен. Оның үстіне, компанияның ішкі құжаттарын зерттеу барысында жаңа ұйымдық құрылым туралы негізгі бұйрықта қызметкерлерді қысқарту жөнінде ешқандай мәлімет жоқ екені анықталған. Оның пікірінше, қызметкерлерді жұмыстан шығармай, басқа лауазымдарға ауыстыру керек болған.

Бұдан бөлек, Ағыбаев өзін жұмыстан шығаруға қатысты бұйрықтағы өз қолының қолдан қойылғанын (қолтаңбаның қолдан жасалғанын) мәлімдеді.
Бұрынғы инженердің сөзіне сүйенсек, цифрландыру қызметінің 700-ге жуық қызметкерінің ішінен тек оны ғана қысқартқан. Сонымен қатар, ол өз лауазымының нақты жойылмағанын айтады – оның орнына Астанадан жаңа қызметкер қабылданған, бірақ жұмыс орны Балқаш қаласында орналасқан. Ағыбаев жаңадан келген қызметкердің бұл орында нақты жұмыс істеп жатқанына күмән келтіреді.

Қатысты Мақалалар