Көпшілік асыға күтетін «Қымызмұрындық – 2026» мерекесі 27 маусым күні Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында өтеді. Аталмыш шара абыз баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен қатар ұйымдастырылмақ. Мерекеге елімізден, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы және өзге мемлекеттерден 35 мыңға жуық қонақ келеді деп жоспарланып отыр.

Қымызмұрындық – қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл – қонақжайлылықты, жомарттықты, ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін мереке. Аталмыш шараның туризмді дамытуға да ықпалы мол болмақ.
Қарқара жайлауында бұл мереке бұған дейін төрт рет ұйымдастырылған. Өткен жылы шараға 8 мыңнан астам адам қатысып, 40 киіз үй тігілген. Сондай-ақ 250-ге жуық шағын бизнес өкілдерітартылған болатын. Ал биыл 80-нен астам киіз үйтігіліп, келушілер саны бірнеше есеге артады депкүтілуде.
«Қамызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық іс-шарасы аясында ұлттық дәстүрлер мен ойындар паш етіліп, қолөнер көрмесіұйымдастырылады. Атап айтқанда, ат бәйгесі, қазақ күресі, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, қойкөтеру сынды сайыстар өтеді. Сонымен бірге«Топжарған» этно-өнер орталығының шоу бағдарламасы, «Толағай» өнер орталығыныңқойылымдары, облыс өнерпаздары мен танымалэстрада жұлдыздарының концерті көпшілікназарына ұсынылады. Жастар үшін алтыбақан, арқан тартыс, қол күрес және ұлттық ойындарұйымдастырылса, балаларға арналған арнайыаймақта аттракциондар, қуыршақ театры, қолөнер, сурет салу, шахмат және тоғызқұмалақ жарыстарыөткізіледі.
Қазіргі таңда Қарқара жайлауында дайындыққарқынды түрде жүргізілуде. Ұйымдастырушыларбәйге алаңын ретке келтіріп, көрермендергеарналған орындарды әзірлеген. Қонақтарғақолайлы жағдай жасау мақсатында барлықұйымдастыру шаралары жоспарлы түрде жүзегеасырылуда.