Алматыда құрбандық шалуға арналған 12 арнайы алаң белгіленді

/uploads/thumbnail/20260526181514743_big.webp Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Құрбан айт мерекесіне орай Алматы қаласында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында арнайы дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Құрбан шалу рәсімдерінің лайықты орындалуы үшін арнайы алаңдарда қалдықтарға арналған контейнерлер, ет сақтайтын тоңазытқыштар, су жүйесі, дезинфекция және санитарлық өңдеу орындары, сондай-ақ мал терісін сақтайтын арнайы орындар қарастырылған. Қасапшылар қолғап, маска, алжапқыш және резеңке етікпен қамтамасыз етіледі.

Алматыда құрбандық шалуға арналған 12 арнайы алаң белгіленді. Құрбан айт намазы қаланың барлық 56 мешітінде 27 мамыр күні сағат 06:00-де оқылады.

Арнайы алаңдарда мешіт қызметкерлері жұмыс істеп, құрбандық шалу рәсімінің діни талаптарға сай орындалуын қадағалайды. Сонымен қатар, Алматы тұрғындары үшін қашықтан құрбандық шалу мүмкіндігі де қарастырылған. Осыған байланысты Qurban.muftyat.kz онлайн қызметі қайта іске қосылды. Құрбандық шалынғаннан кейін азаматтарға есеп беріліп, платформа арқылы мұқтаж отбасыларға ет таратуға өтініш қабылданады.

Сондай-ақ қаланың барлық 56 мешітінде ет қабылдау және тарату пункттері жұмыс істейді. Өнімді сақтау мен тасымалдау үшін арнайы мұздатқыш камералар мен көліктер дайындалған.

Құрбан шалуға арналған арнайы орындар төмендегідей:
Алатау ауданы:
• «Мырзахмет» мешіті – Қарасу шағынауданы, Солтүстік айналма көшесі, 15;
• «Алғабас» мешіті – Алғабас шағынауданы, Ақбөпе көшесі, 6;
• «Әл-Әзим» мешіті – Азат көшесі, 20а;
• «Нұр» мешіті – Ұйғыр көшесі, 16/1.
Бостандық ауданы:
• «Бақыткелді» мешіті – Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11.
Медеу ауданы:
• «Омар ибн әл-Хаттаб» мешіті – Жуков көшесі, 136а;
• «Аманқұл ата» мешіті – Т. Бигелдинов көшесі, 5;
• «Фатима» мешіті – Малая көшесі, 14;
• «Райымбек батыр» мешіті – Думан-1 шағынауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15;
• «Арафат» мешіті – Ибрагимов көшесі, 5а.
Наурызбай ауданы:
• «Қалқаман-2» мешіті – Қалқаман-ӘА шағынауданы, Аспандияров көшесі, 84.
Түрксіб ауданы:
• «Қайрат» мешіті – Қайрат шағынауданы, Сарымолдаев көшесі, 22.
Қарасай ауданы: 
• «Алтын сақа 2003» ЖШС
• «Алтын-Орда» сауда орталығы «Mubarak» ЖШС 
Талғар ауданы:  
• «Жұлдыз» базары 
• «Верный» базары

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар