«AMANAT» партиясының баспасөз хатшысы – Орталық аппараттың баспасөз қызметінің жетекшісі тағайындалды

/uploads/thumbnail/20260526133802371_big.webp prokadrykz

«AMANAT» партиясының баспасөз хатшысы – Орталық аппараттың баспасөз қызметінің жетекшісі тағайындалды. 

Олжас Беркінбаев – бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры – баспасөз қызметінің жетекшісі, сондай-ақ министрдің кеңесшісі – ресми өкілі лауазымдарын атқарған. 

Айта кетейік, аманат партиясының жаңа баспасөз хатшысы әр жылдары ҚР СІМ, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде жұмыс істеді, сонымен қатар ҚР СІМ «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті лауазымын атқарды. Қоғамдық коммуникация, ақпараттық саясат және медиа мәселелерімен айналысты.

Сондай-ақ мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты.

Қатысты Мақалалар