СҚО-да өрттен бес жасар қыз бала қаза тапты

/uploads/thumbnail/20260119170538720_big.webp stolicaonego.ru

Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні кешке Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылында тіркелді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт жеке тұрғын үйде шыққан.

Алдын ала деректерге сәйкес, үйде ересектер болмаған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта ата-анасы қонаққа кеткен сәтте бала үйде жалғыз қалғаны айтылады. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіру барысында бес жасар қыздың мәйітін тапқан.

Өртті сөндіруге 35 құтқарушы мен 11 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жалын қысқа уақытта сөндірілгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Қатысты Мақалалар