Солтүстік Қазақстан облысында өрттен екі адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20260112114414521_big.webp закон

11 қаңтар күні кешке Мағжан Жұмабаев атындағы ауданға қарасты Майбалық ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт салдарынан үй толықтай отқа оранып, кейін түгелдей қирап қалған.

Үй иесінің айтуынша, өрт кезінде баспанада оның жұбайы мен екі кәмелетке толмаған баласы болған.

Құтқарушылар өртті сөндіру және үйінділерді тазалау барысында ер адамның және бір баланың мәйітін тапты. Екінші баланы іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Оқиға орнына департамент басшылығы келді. ТЖД психологтары үй иесіне психологиялық қолдау көрсетуде.

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Оның шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 24 қызметкері мен 6 техникасы, сондай-ақ «Агрофирма» ЖШС-нің ерікті өртке қарсы жасағы жұмылдырылды.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар