Маңғыстауда отбасы институтын нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған аймақтық форум өтті

/uploads/thumbnail/20251219173004263_big.webp

Маңғыстауда отбасы институтын нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған аймақтық форум өтті

18 желтоқсан күні Ақтау қаласында отбасы институтын нығайту мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Отбасы және қоғам: жаңа мүмкіндіктер кезеңі» атты аймақтық форум өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Ауқымды іс-шара облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты, жаңаөзендік «Аналар кабинеті» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Форумның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбиенің маңызын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара серіктестікті жаңа деңгейге көтеру.

Шараға еліміздің әр өңірінен келген делегациялармен қатар Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, ардақты ана, халық емшісі Қаламқас Күлбарақова, психолог, алты кітаптың авторы Елжас Ертайұлы, Қызылорда облысындағы «Анаға тағзым» орталығының директоры, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы Алтынай Молжанова, «Astana» телеарнасының бас продюсері, көпбалалы ана Мейрамгүл Мәдәлі, ұлттық және өңірлік комиссия мүшелері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, көпбалалы аналар, білім саласының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ Астана, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан арнайы делегациялар келді.

 

 

Қатысты Мақалалар