9 қаңтар күні Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту күшіне енеді. Көптеген өңірлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ пайда болады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Түнгі және таңғы мезгілде Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығы күшейеді деп болжануда. Кейбір аймақтарда бұрқасын соғып, аздаған қар жаууы ықтимал.
Сондай-ақ Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Алматы облыстарында, Ұлытау, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қызылорда және Жетісу өңірлерінде тұман күтіледі.
Қолайсыз ауа райы Алматы, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Орал, Петропавл, Қонаев, Жезқазған және Ақтау қалаларында да байқалуы мүмкін.