Трамп пен Еуропа арасындағы шиеленіс қалай күшейіп жатыр?

/uploads/thumbnail/20260120125227153_big.webp SM

АҚШ президенті Дональд Трамп осы аптада Швейцарияның Давос қаласында өтетін халықаралық форумда еуропалық көшбасшыларға «Гренландия бізге керек» деп ашық айтатынын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Еуропа мен АҚШ арасындағы саяси шиеленісті күшейте түсті.

Трамп әлеуметтік желіде Франция президенті Эммануэль Макроннан келген хабарламаны жариялады. Онда Макрон: «Гренландия бойынша не істеп жатқаныңызды түсінбеймін» деп жазған. Сондай-ақ АҚШ президенті НАТО бас хатшысынан келген хабарламаны бөлісіп, өзін Гренландияға АҚШ туын қадап тұрған күйде бейнелейтін жасанды суреттерді жариялады.

Сенбі күні Трамп Гренландияға қатысты келісімге қол жеткізілмесе, Ұлыбритания мен Данияны қоса алғанда сегіз еуропалық одақтас елге 10% кедендік тариф енгіземін деп қорқытты. Бұл мәлімдеме Еуропа елдерінің қатаң сынына ұшырады.

Гренландияның премьер-министрі «бізге қысым көрсетуге жол бермейміз» деп мәлімдеді. Ал Еуропаның бірқатар елдері Данияға қолдау білдіріп, Гренландияның жартылай автономиялық мәртебесін қорғауға дайын екенін айтты.

Сонымен қатар Дональд Трамп Ұлыбританияның Чагос аралдарын Маврикийге беру жоспарын «ӨТЕ АҚМАҚТЫҚ» деп атап, Лондонның бұл шешімін қатаң сынға алды.

Оған қоса, Трамп Франция президенті Эммануэль Макронның АҚШ ұсынған «Бейбітшілік кеңесі» (Board of Peace) құрамындағы орынды қабылдаудан бас тартқаны туралы ақпараттардан кейін, француз шараптарына 200% көлемінде баж салығын енгіземін деп қоқан-лоқы жасады.

 
 
Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар