Өзбекстанда 300-ге жуық шенеунік кедейшілікпен күреске салғырт қарағаны үшін жұмыстан босатылды

/uploads/thumbnail/20241217155829298_big.webp

Өзбекстанда жұмысқа жауапсыздық пен салғырттық танытқаны үшін шаруашылық кешенінің нақты 297 басшысы жұмыстан босатылды. 

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев олардың орнына заманауи ойлау қабілеті бар жас мамандар келетінін айтты. Ол кейбір шенеуніктердің махаллалардағы (ауылдар мен аудандар) кедейшілікті азайтуға шындап кіріспейтінін жеткізді. 

"Қатаң ескертемін: егер басшы махаллаға барып, біздің азаматтар мен кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге кіріспесе, ол жұмыс істей алмайды. Барлығы өзгеруі керек. Әлемдегі саяси және экономикалық жағдайдың сәт өткен сайын күрделеніп, жаңа қауіп-қатерлердің туындап жатқанын көріп отырсыздар", – деді президент. 

Мирзиеевтің айтуынша, басшылар "бұл уақытша, бір-екі жылдан кейін бәрі өтеді" деген оймен өмір сүріп жатыр.

“Бірақ олардың орнын "жаңа тәсілдерді енгізуге және халықтың сұранысын қанағаттандыруға дайын" ​​заманауи ойлау қабілеті бар жас мамандар басып жатыр. Өзбекстанда 2025 жылға дейін 1,5 миллион адам кедейшіліктен құтылуы керек”, – деді Мирзиёев. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар