Биыл Маңғыстау облысында «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы 4 800 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 6 510 орындық 14 жекеменшік мектеп ашылды. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтып берді.
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында берген тапсырмасына сай, Ақтау қаласында балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін көтеру үшін 1500 орындық «Оқушылар сарайы» қолданысқа берілді. Бүгінде заман талабына сай салынған орталықта 3500-ден астам бала тегін қосымша біліммен қамтамасыз етілуде.
Сондай-ақ, демеушілердің есебінен колледж студенттеріне арналған 500 орындық жатақхана ашылды. Осылайша Ақтау қаласында орналасқан колледждерде жатақхана мәселесі толықтай шешілді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 13 мектептің құрылысы басталды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру