Қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, экономист ғалым Серікболсын Әбділдин туралы "Төраға Әбділдин" атты деректі фильм жарық көрді.
Серікболсын Әбділдин 80-інші жылдардан бастап Нұрсұлтан Назарбаевпен «иық тіресе» жұмыс істеген саясаткер. Осы жылдар ішінде ол өзінің президент Назарбаевты жақсы танып-біліп алғанын айтады. Ол екі ғасыр тоғысында Қазақстанның саяси өмірінде болған өзгерістерге бір кісідей куә болып қана қоймай, елдегі саяси оқиғаларға белсенді араласқан адам. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезде президент Назарбаевпен бірге жоғарғы билікте болған саясаткер кейіннен президенттің сөзі мен ісінің алшақтағаны жайында «Ақиқат пен аңыз» кітабында жан-жақты әңгімелейді.
– Өкінішке қарай, Қазақстан Әбділдиннің конституциясымен екі-ақ жыл өмір сүрді. Біз түсірген фильмде кейіпкеріміздің мемлекеттік тілге конституциядан қалай мәртебе алып бергені жайлы да айтылады. Әбділдин үлкен тұлға! Оның әр саладағы жолы сан тарау. Қал-қадірімізше, шамамыз жеткенше фильм түсірдік. Бұған дейін түсірілмеген екен. Қазақ көрнекті мемлекет қайраткерін, экономист ғалым, ұстаз Әбділдинді ұмытпауы тиіс! Серікболсын ақсақал бақиға кеткенше халқына қызмет еткен ұлтының адал перзенті, – дейді деректі фильмнің авторы Қанат Тілеухан.
Серікболсын Әбділдин туралы деректі фильмнің тұсаукесері 15
желтоқсан күні Алматы қаласы Марков көшесі 44 мекенжайында орналасқан «Трансформа» платформасында
өтеді.
Пікір қалдыру