«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20241215122446330_big.webp

Buzyq Telegram арнасының жазуынша, «Дикий Арманның» үкімі 2025 жылдың қаңтар айының басында (қамалған соң 3 жыл өткен соң) жариялануы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Олег Чернов хабарлады.

38 жастағы Жұмагелдиев «Қаңтар оқиғасы» кезінде бейбіт тұрғындарды ұрлап, азаптады деп айыпталуда.

Еске салсақ, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған болатын. Алдағы қаңтар айында 3 жыл болады. 

Кейін ҚР бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. «Қаңтар оқиғасын» ұйымдастырды деген күдікпен 18 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Олардың арасында Арман Жұмагелдиев те бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар