Қазақстандықтардың жеке мәліметтері Telegram-да сатылымға түскен

/uploads/thumbnail/20250609105948475_big.webp

Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Ішкі істер министрлігінің Киберқылмыспен күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, азаматтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеп, оның қызметін тоқтатты.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл ақпараттар мемлекеттік деректер базасынан заңсыз алынған және Telegram мессенджері арқылы таратылған. Мәліметтер кейбір коллекторлық компанияларға да берілген.

Нәтижесінде:

  • 140-тан астам адам ұсталды, оның ішінде компания басшылары мен Telegram арна әкімшілері бар;

  • 5 күдікті қамауға алынды;

  • 400-ден астам компьютер мен электронды құрылғылар тәркіленді.

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеу жүріп жатыр:

  • 205-бап (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу),

  • 147-бап (жеке өмірге қол сұғу, жеке деректер заңнамасын бұзу),

  • 211-бап (шектеулі электрондық ақпараттарды заңсыз тарату).

Киберқылмыспен күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайдың мәлімдеуінше, қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып жатыр.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың жеке деректерін қорғау және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Қатысты Мақалалар