Қазақстанда жоғарғы оқу орындарына құжат қабылдау 20 маусымда басталады

/uploads/thumbnail/20250609104614054_big.webp

Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге арналған күнтізбені ұсынды. 

Министрлік өкілдері негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтетінін еске салды.

Бұдан бөлек, министрліктің хабарлауынша,

  • ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым – 25 тамыз;
  • "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым – 20 тамыз аралығында  (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
  • Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым – 10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
  • Шығармашылық емтихандар 7 шілде – 15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
  • Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде – 20 шілде аралығында қабылданады;
  • Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Қосымша ақпаратты жоғарғы оқ орындарының ресми парақшалары мен сайттарынан білуге болады.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар