Қорғаныс министрі ауысты: Руслан Жақсылықов қызметінен кетті, орнына Дәурен Қосанов келді

/uploads/thumbnail/20250608150413497_big.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымды 2022 жылдың 19 қаңтарынан бастап атқарып келген еді.

Оның орнына осы салада ұзақ жылдық тәжірибесімен танылған генерал-лейтенант Дәурен Жұматайұлы Қосанов тағайындалды. Бұл тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа министр кім?

1969 жылы Павлодар облысындағы Новотроицкое ауылында дүниеге келген Дәурен Қосанов әскери қызметтің барлық сатысынан өткен кәсіби маман саналады. Ол:

Үшаралдағы жауынгерлік полкте қызмет етті;

Талдықорғандағы "Су-27" эскадрильясын басқарды;

Қарағанды мен Шымкент авиабазаларында басшылық қызмет атқарды;

Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болды;

Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтын басқарды.

2022 жылғы 29 желтоқсанда Қосанов Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Ал 2024 жылғы 28 қыркүйекте Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына көтерілді 

«Әскери ұшқыш-мерген» мәртебесіне ие Қосанов II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Бұл кадрлық ауысым — Қазақстан Қарулы Күштерінің басқару құрылымындағы маңызды өзгеріс. Елдің қорғаныс саласына жауапты жаңа министрдің тәжірибесі мен беделі алдағы стратегиялық шешімдердің салмағын арттыратыны анық.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар