Әскери шеру: Қарулы күштердің қуаты мен дайындығы

/uploads/thumbnail/20250505113800373_big.webp

9 мамыр күні Астана қаласында өтетін әскери парадта отандық әскери техника мен тарихи формадағы сарбаздар сап түзеп, ел армиясының қуатын танытады.

Көрермендерге Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың қару-жарағында тұрған заманауи жоғары технологиялық жауынгерлік машиналар үлгілері, соның ішінде отандық өндірістегі техника көрсетіледі.

Олардың қатарында:

– «Арлан», Т-72, БМП-2, БТР-82А, «Акация», «Тюльпан», «Град», «Ураган», «Смерч»;
– «Бук», «Тор» ЗЗК, «Кобра», «Алан»;
– «Кобра-2», «Барыс» техникалары;
– минасыздандыруға арналған роботтар;
– A-400, L-410, Beechcraft B-350 ұшақтары;
– Ми-171, Ми-35, Ми-8, H-130, EC-145 еврокоптерлері.

Әскери парадқа Қарулы Күштердің, басқа құрылымдардың 4000-нан астам әскери қызметшісі қатысады. Көрермендер саны шамамен 5000 адам болады. Парад кезінде қауіпсіздікті Мемлекеттік күзет қызметі мен ІІМ қамтамасыз етеді. Көлік қозғалысы шектеліп, патрульдер күшейтіледі. Мобильді медициналық пункттер, жедел жәрдем, бақылау аймақтары қарастырылған.

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар