Kazakh Tourism-нің мәліметінше, құрметті миссия оған елімізді әлемге танытудағы үлесі үшін табысталды.
Белгілі полиглот қазақ тілін меңгерген және әлемнің түкпір-түкпіріндегі өз оқырмандарын Қазақстанның бай мәдениетімен және табиғатымен танысуға үгіттейді.
Блогер ұлттық дәстүрлерге және қазақстандық шоколадқа ерекше көңіл бөледі. Юдзи оларды өзінің әлеуметтік желілерінде белсенді түрде дәріптейді.
Венада тұратын жапон блогері Юдзи Қазақстанда 3 рет болған. Ол Kazakh Tourism ұйымдастырған ақпараттық турларға да қатысты. Бұл сапарлар оған Қазақстанды тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.
Пікір қалдыру