• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:55:17
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2015 NEWS

Киіктер «гептилдің» уынан қырылды ма? Мұның жауабын Ресейден кім сұрайды?

Қазақстан Республикасының солтүстік облыстарында қызыл кітапқа енген, мемлекеттің айрықша қорғауына алынған киіктер жаппай қырылуда. Осыған қатысты,  ресми...

Қазақстан Республикасының солтүстік облыстарында қызыл кітапқа енген, мемлекеттің айрықша қорғауына алынған киіктер жаппай қырылуда. Осыған қатысты,  ресми мекемелер таратқан мәліметтерге сүйенсек, қырылған бөкендердің саны Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 85 сыңнан асып жығылған.

  1. Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті 18 мамыр күні "Ырғыз- торғай" мемлекеттік табиғи резерватының аумағынан 68 киіктің өлігі табылғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Аймақта жануарлардың жаппай қырылуының себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүргізілгенімен, әлі күнге дейін нақты себептер айтылмайды. Ал 21 мамыр күні аймақтағы қылырған киік саны 1000-ның үстіне шыққан.
  2. Ал Қостанай облысында қырылған киіктің саны 30 мыңнан асып жығылған. Бетпақдаланың жер-жерінен тау-тау болып үйілген киік өлекселері әлі табылуда.
  3. Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 мамыр күні Жарқайың ауданының Құмсуат ауылдық округі мен Жақсы ауданының Терісаққан ауылдық округі қиылысындағы территориядан шамамен бір мыңға тарта киік қырылғаны анықталған. Қазір қырылған киіктердің нақты саны есептеліп жатыр. Жақсы ауданының санитарлық-ветеринарлық қызметі киіктердің өлексесіне жануарлардың неден қырылғанын анықтау үшін сараптама жасап жатыр.

Киік "гептилдің» уынан қырылуы мүмкін

 

Қазақстанның үш бірдей облысында киіктердің жаппай қырылуының себебін анықтауға арнайы комиссия құрылғанымен, зерттеу жұмыстары әзірге нәтиже берер емес.

  1. 22 мамыр 2015 жыл. Қостанай облысындағы киік өлекселерін утилизациялаумен айналысып жүрген қызметкерлер, аймақтан ғарыш кемесінің шар тәріздес бөлшегінің табылғандығы туралы айтқан. Бұл фактіні облыстық прокуратура қызметкері Асқар Сыздықов растаған. "Аталмыш заттың табылғаны рас. Ол диаметрі  сантиметрлік ғарыш кемесінің бөлшегі болуы әбден мүмкін. Қазір табылған затқа радиологиялық зерттеу жүргізуі үшін зертханаға жіберілді",-дейді Асқар Сыздықов.
  2. Осыған қатысты белгілі заңгер Мақсат Ілиясұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды. "Киіктердің алғашқы өлігі протон құлағанның ертесі табылған... Осы жылдың 16-мамыры күні Байқоңырдан ұшқан Ресейдің Протон зымыраны жерден көтерілген соң 500секунттан кейін апатқа ұшырады. Ал ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ресми ақпараты бойынша 17-мамыр күні Бетпақдаладағы "Ырғыз-торғай" табиғи резерватында алғашқы 4 киіктің өлігі табылған. Әрине, мұны кездейсоқтық деп айта алмаймыз..."

Бөкендердің жаппай қырыуы себебін анықтап беру үшін шет елден маман алдырттық

  1. ҚР Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков мырза Халықаралық жойылу қауіпі төнген жануарларды қорғау ұйымына (Бонн конвенциясы), қазақ даласындағы киіктердің жаппай қырылуының себебін анықтау үшін арнайы эксперттер (сарапшылар) жіберуін өтінген. ҚР АШМ баспасөз-қызметінің ресми мәліметіне сүйенсек, Ұлыбритания Қорольдік ветеренариялық колледжінен профессор Ричард Кох пен Германиядан Франкурттық хайуанаттар орталығының президенті, профессор Штефан Цутар арнайы Астанаға келген.
  2. 2012-2014 жылдарға арналған бағдарлама бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін киіктер таралымында жұқпалы аурулардың таралуының эпизоотиялық мониторингі және алдын алу әдістерін әзірлеу» деген атаумен жалпы сомасы 332 млн. теңгені құрайтын бағдарламаның тапсырыс берушісі болған.

Бағдарламаны орындаушы болып ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты айқындалады. Мемлекет қазынасынан бөліну тиіс қаражат бөлінгенімен, жүргізілуі тиіс профилактикалық жұмыстар аяғына дейін жүргізілмеген.

Сонымен, қазақ даласындағы саны аздығынан жойылып кету қаупі төнген жануарлар санатына жататын киіктердің жаппай қырылуына кімдер жауапты?

Қоңыр аң «Гептилдің» уынан қырылып жатса, оның жауабын Ресейден кім сұрайды?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір