• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Шілде, 12:33:22
АҚШ елшісі: Тоқаевтың уәдесі бос сөз болып қалуы мүмкін

04 Сәуір, 2019 NEWS

Тоқаев: Мен алтын ғасырдың президенті болдым

оқаев журналистер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының президенті ретінде Ресей Федерациясына жасаған алғашқы сапарының...

Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының президенті ретінде Ресей Федерациясына жасаған алғашқы сапарының символдық мәнін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ерекше сипатын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың дерегін негізге ала отырып. 

– Мәскеуге ресми сапармен келуге шақырған Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге, сондай-ақ қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін ресейлік достарымызға ризашылық білдіремін. Бұл сапар екі тараптың да одақтастықты одан әрі дамытып, Қазақстан мен Ресей халықтарының достық байланыстарын нығайтуға ұмтылатынын көрсетті, – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтату туралы шешімі жөнінде айтты және бұл қадам Қазақстанның келешегі үшін жасалған саяси даналық пен үлкен жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті.

Тоқаев

– Бұл тарихи оқиға әлемдік қоғамдастықтың біздің елімізге зор құрметпен қарауына түрткі болды. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының ыстық ықыласына бөленіп, қолдауына ие болып отыр. Ол Елбасы мәртебесінде Қауіпсіздік Кеңесінің және Nur Otan басқарушы партиясының төрағасы лауазымындағы өзінің ауқымды қызметін атқара береді, – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы өзінің Президент ретіндегі қызметі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың «алтын ғасырында» басталғанын атап өтіп, Нұр-Сұлтан мен Мәскеудің жан-жақты диалогын нығайту жөніндегі стратегиялық бағдарды жалғастыруға және бұған дейінгі қол жеткізілген уағдаластықтардың сабақтастығын қамтамасыз етуге зор ниеттестік білдіретінін айтты.

"Мен Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының алтын ғасырында президент лауазымына кірістім.Менің алғашқы ресми сапарымның терең символдық мәні бар, ол біздің елдеріміздің қарым-қатынасы ерекше мәртебеге ие екенін білдіреді",- деді Тоқаев. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

3 пікір

Zuhra 12 Сәуір, 2019

Мен твиттердегі тікелей эфирлерімде Тоқаевтың қазаққа қажеті жоқ адам екенін айттым: @Liana02539044

Zuhra 12 Сәуір, 2019

Президент әйел адам болғаны дұрыс. Әйел еркекке қарағанда мыстан, тәуелсіз болады, еркекке өз дегенін істетеді және басқа мемлекеттердің әйел басшыларымен бәсекелестікте болады. Біздің көптеген қазақ "зиялылары" орыс қатын алды, хандарымыздың орыс патшайымы Анна Иоановнаға қандай хат жазғанын тарих пәнінен оқығанбыз. Бізге орыстарға ұнайтын Тоқаев сияқты үміткердің түкке қажеті жоқ. Бізді құл етуді жоспарлаған жауыз империя емес, біз өзіміз таңдау керекпіз президентті. Ресейді болашақта Путиннің стихиясы от барыс жылы туған қызы басқарады деген болжам бар. Екіншіден, Тоқаевтың бәйбішесі Надежда орыс, оның Тимур деген ұлың орыстардың айналдыратыны анық. Орыстарға ұнамай отырған Дариға президент болғаны дұрыс. Орыстар ышқынып қазақтармен айналысуда, маған да күн бермейді. Томирис Байсафа, Елдана Қаһарман, тағы басқа жастарымызды өлтірді.

Zuhra 12 Сәуір, 2019

Назарбаев тағын табыстауда да орыстарға адалдық танытты. Ол бүкіл билігінде орыс ұлтына қызмет еткенімен қоймай, менен кейін де ештеңе болмасын деген шығар...