• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:14:53
Алматы
+12°

06 Мамыр, 2019 Дін

Ауыз бекіткен адамға берілетін 5 қасиет

"Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді"

Рамазан айында ораза ұстаған адамға бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет беріледі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі islam.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Имам Ахметтің Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.у.) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: "Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді".

Олар:

  1. Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;
  2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;
  3. Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: "Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерін тастап, саған кіретін күні жақын қалды", - дейді;
  4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды;
  5. Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі. Сахабалар: "Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?"- деп сұрағанда, ол (с.а.у.) "Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты", - деген екен. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір