• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 16:55:59
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

24 Мамыр, 2019 NEWS

Қаламқас кен орнында жер асты суы атқылады

Аталмыш жағдай бойынша жедел штаб ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қолға алып...

Қаламқас кен орнында 23 мамыр күні сағат 06.00 кезінде су мен газ қайта атқылаған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Hola News сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, грифон ұңғыма сағасынан 35 метр жерде білінген. Биіктігі - 30-40 сантиметрді құраған.

«Оқиға орнында «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС өртке қарсы қызметі жұмыс жасауда. Бір автоцистерна су кетті. «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ ақпаратына сай, ұңғыманы реттеуге болады. Ол қашыртқы шамды шығарылымға қарсы құрылғымен қамтамасыз етілген. Грифонның төмендегені байқалады», - делінген Маңғыстау облыстық ТЖД қызметі.

Аталмыш жағдай бойынша жедел штаб ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қолға алып, жұмыс жоспарына сай грифон тиеуді бастаған. Ұңғыманың сағасынан қысымды өршіту жүргізіліп, грифонды қашалау жұмыстары жүргізілген. Ықпал ететін 8 ұңғыма тоқтатылған.

Департаменттің хабарлауынша, №8237 ұңғымасында апаттық жағдай жоқ. Грифон - жердің немесе су қоймасының бетінен жоғары көтерілген жинақталған жер асты суы.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір