• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 06:48:29
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырау облысы Индер ауданында құрғақ құрылыс қоспалары қайта шығарыла бастады

Атырау облысы Индер ауданында құрғақ құрылыс қоспалары қайта шығарыла бастады

Жаңартылған зауыт 82 адамды жұмыспен қамтымақ

Алғашқыда кешенді игеру мақсатында «BIAS TECH» ЖШС жұмыс жасады. Зауыт 120 адамды жұмыспен қамтып, 125 мың тонна гипс шығарған. Алайда, 5 жыл бұрын қаржылық қиындықтарға байланысты өндіріс тоқтаған болатын.
Кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев зауытты аралап жасалып жатқан жұмысқа оң бағасын берді. зауыт
- Бүгін бәріміз үшін де үлкен қуаныш. Бес жылдан бері тоқтап тұрған құрғақ құрылыс қоспалар зауыты іске кірісті. Зауыт толық жаңартылып, ескі құрал-жабдықтар ауыстырылды. Қазіргі таңда зауыт 80-нен астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт Индер ауданының экономикасын дамытуға өз үлесін қосатынына, сондай-ақ, мамандардың кәсібилігі мен тәжірибесінің арқасында өнімнің әлемдік талаптарға сай болатынына сенімдіміз, - деді Нұрлан Таубаев. зауыт
Өткен жылдың қыркүйегінде «АзияКредитБанкі» және «Fincraft Resources» акционерлік қоғамы жалға алу арқылы сатып алу келісім-шартын жасақтады. Соған сәйкес, «Fincraft Resources» компаниясының серіктесі «Ақтау Битум» еншілесі жыл басында зауытты оңалтуды қолға алды. Ескі техникаларды жаңартты. Білікті мамандарды тартып, жұмысты жүйеге келтірді. Соның нәтижесінде зауыттың 120 мың тонна гипс шығаратын мүмкіндігі бар.зауыт
-Өндіріс орнынан 30 шақырым жерде гипс өндіретін және ұсақтап сұрыптайтын кешен жұмыс жасайды. Бұл жерден 0 – 300 фракциялы гипс тасын алуға болады. Сонымен қатар, зауыт жеке темір жол тұйығымен қамтамасыз етілген. Осының барлығы сапалы өнімді тұтынушыға кедергісіз жеткізуге мүмкіндік береді,- деді «Ақтау Битум» құрғақ қоспа зауытының қаржы жөніндегі директоры Дамир Мусин.
Айта кетейік, зауыт "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" және ҚДБ-Лизинг" АҚ – нан қаржылай көмек алған.зауытзауыт

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір