• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:48:40
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 NEWS

Сотталушы сот үкімін естіп, бір минуттан соң сот ғимаратынан қашып кетті (видео)

Сот ғимаратынан 29-мамыр күні сотталушы қашып кетті. Ол шамамен 48 жастағы ер азамат.

Қазан қаласының Ново-Савиновский аудандық сотының ғимаратынан 29-мамыр күні сотталушы қашып кетті. Ол шамамен 48 жастағы Ирек Зиганшин есімді азамат. Түстен кейін ол елді шығынға ұшыратқан алаяқтық іс бойынша сотталды деген үкім шыққан болатын. Сот залынан қашу туралы ақпаратты Татарстан сотының баспасөз хатшысы Резеда Гафиева растады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Бизнес Online газетіне сілтеме бере отырып.

Сот Зиганшинге 10 ай бас бостандығын айырылу туралы үкім шығарған сәттен бір минуттан кейін, ол сот залынан шығып кеткен. «Жай ғана шықты да, кетті»,- дейді дереккөздер. Не болғаны туралы толық ақпарат әлі анықталмаған.

Қазіргі таңда Короленко көшесін бақылайтын полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Жауапқа тартылушы Зиганшин сот мекемесінен қашып кеткен кезде, үстінде көк күртеше және қара түсті спорттық шалбар болған.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір