26 Қараша, 2024 NEWS
Қазақстанда бензин бағасы көтеріледі: Энергетика министрлігі оның себебін атады
Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев бензин бағасы көтерілетінін растап, оның себептерін атады.
Көрнекі сурет
"Қазір біздің нарықта тапшылық бар. Тапшылықты жабу және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Модернизацияны жүзеге асыру үшін тиісті ақшаны салу керек. Мұнай өнімдерінің бағасына жабдықты сатып алуға, техникалық қызмет көрсетуге, пайдалану шығындарына, логистикаға, жаңа құбырлар мен теміржол инфрақұрылымын салуға тартылған несиелер кіреді", – деді Сәтқалиев.
Оның айтуынша, бұл мұнай өнімдерінің бағасына әсер етпей қоймайды.
"Жағдайдың қалай болатыны ішкі нарықтағы мұнай бағасына байланысты. Қазір ішкі нарықтағы баға көршілес елдермен салыстырғанда төмен. Ал егер нарық ашылса, арзан өнімдеріміздің бәрі қымбаттайды, бұл бағаның өсуіне әсер етеді", – министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір