• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:05:28
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Әлем

Ким Чен Ын сәтсіз келіссөз жүргізген қызметкерлерін атып тастады

Ким Чен Ынды қасында бірге болған қарындасы Ким Ё Чжонның саммиттен кейін үшті-күйлі жоқ болып кеткенін де жазды.

КХДР-нің АҚШ істері жөніндегі Мемлекеттік Кеңесінің арнайы өкілі Ким Хёк Чхол Ханойдағы саммитке қатысқан Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің төрт қызметкерімен бірге жазаланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның  Chosun Ilbo басылымы жазды.

Басылымның мәліметіне сәйкес, Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын дипломаттарды АҚШ пен КХДР басшылары арасындағы екінші саммитте президент Дональд Трамппен оң нәтижелі келісімге келе алмағаны үшін жазалаған.

Дереккөздердің хабарлауынша, бес лауазымды тұлға  Пхеньяндағы Мирим әуежайының аумағында "АҚШ тыңшысы" деген айыппен атылды. Сондай-ақ солтүстік кореялық лидердің бірінші орынбасары Ким Ен Чол түрме жұмыстарына жегілгені туралы да айтылған.

Басылым Ханойда Ким Чен Ынның қасында бірге болған қарындасы Ким Ё Чжонның саммиттен кейін үшті-күйлі жоқ болып кеткенін де жазды.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың ақпанында АҚШ пен КХДР-дің екі ел басшыларының қатысуымен екінші саммит өткен. Аталмыш саммит барысында екі жақты  келісімге қол қойылмады. АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның бірлескен баспасөз мәслихаты да болмай, кездесу мерзімінен бұрын  нәтижесіз аяқталғаны белгілі.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

Оқи отырыңыз:

♦ Ким Чен Ын туралы 10 қызықты дерек : ол дәретханаға бармайды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір