27 Қараша, 2024 NEWS
Ресей Қазақстанға үш қалада жылу электр стансаларын салуға несие беруі мүмкін
Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды жұмысқа алды.
Көрнекі сурет
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімді ратификациялауға қатысты құжатты таныстырды. Заң жобасы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын электр орталықтарын салу жобаларын іске асыру бойынша ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға бағытталған.
-Келісім жабдықтарды жобалау, дайындау және жеткізу, жаңа жылу электр орталықтарын және пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ Қазақстанға Ресейдің мемлекеттік экспорттық кредитін беруге жеңілдікті қаржыландыру тетіктерін орындау шарттарын айқындайды, - деді депутат.
Мәжіліс депутаттары заң жобасына қатысты қаулы қабылдап, комитет құжатты жұмысқа алды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір