• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:50:39
Алматы
+12°

07 Маусым, 2019

Жанармай бағасы арзандады ма? Нақты сандар айтады

Мамыр айындағы ең қымбат мұнай қай өңірге тиесілі? Статистика сөйлесін.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында қазақстандық мұнайдың бағасы 0,6 пайызға қымбаттады. Бұл көрсеткіш – сәуір айындағы бағамен салыстыра алғандағы көрсеткіш. Қазір бір тонна мұнай бағасы 61,5 мың теңгені құрайды.

Ал жыл басынан бергі уақыттағы "қара алтын" бағасын бағамдасақ, онда мұнай шикізатының бағасы 6,7 пайызға арзандағанын байқаймыз.

Статистикалық комитеттің мәліметі бойынша, мамыр айында Қызылорда облысы аймағынан өндірілетін мұнай бағасы салыстырмалы түрде "ең қымбат" деп саналған. Бір тоннасы 83,9 мың теңгеге бағаланса да, жыл басынан бері нарықтағы баға көрсеткіші 2,3 пайызға төмендеген.

Ақтөбеден өндірілетін мұнай бағасы жыл басынан бері 1,3 пайызға (75,6 мың теңгеге дейін), Маңғыстау аймағындағы мұнай бағасы 4,8 пайызға (54,7 мың теңге), ал Атырау мұнайының тоннасы 9,7 пайызға (59,6 мың теңгеге дейін) арзандаған.

Жоғарыдағы бағаларға сәйкес, мамыр айында еліміздегі жанармай бағасы орта есеппен тоннасы 129,4 мың теңге болды. Ай көлемінде сұйық отын бағасы 0,6 пайызға, 2,8 мың теңгеге арзандап отыр. Ал бес ай көлеміндегі көрсеткіштерді бағамдасақ, жанар-жағармай бағасының 12,1 пайызға дейін арзандағаны байқалады.

Сонымен қатар, дизель құны бес ай ішінде 0,7 пайызға (172,7 мың теңге) қымбаттаған. Ал мазут бағасы 1,6 пайызға арзандап, тоннасының құны 71,9 мың теңгеге дейін жеткен.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір