07 Маусым, 2019 Саясат
Балтабек Нұрғалиев: Менімен ойнамаңдар (видео)
Балтабек ақын мадақ жырлардың бәрін шын жүрегімен шығаратын және ол үшін лауазымды тұлғалардан ешқандай сый-сияпат "дәметпейтін" айты.
Facebook желісінде танымал ақын Балтабек Нұрғалиев өзін орыстың ұлы ақыны Пушкинмен салыстыратынын айтты. Бұл туралы ол Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Балтабек Нұрғалиев - Қазақстаннның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның жақындарына һәм Назарбаев құрған билік жүйесіндегі шенеуліктерге шығарған мадақ жырларымен танылған ақын. Ол аталған жырларында Н.Назарбаевты "Құдайға", оның інісі Болат Назарбаевты "Қазақтың байтерегіне" теңеп, көпшіліктің сынына қалған.
"Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында Балтабек ақынның көзіне жас келіп ішіндегісін ақтарды. Ол мадақ жырлардың бәрін шын жүрегімен шығаратын және ол үшін лауазымды тұлғалардан ешқандай сый-сияпат "дәметпейтін" айты.
"Менің тіліме 18 мың ғалам сыйып тұр" деген ақын біраз жыл бұрын дертке шалдығып, тілі байланып қалғанын және жүрегінде бір мұңның бар екенін жасырмады.
Сұхбат соңында ол егер бұл дүниемен қоштасып бара жатқанда соңғы сөзін айтып қалатын мүмкіндік берілсе: "Менімен ойнамаңдар деп айтамын", -деді.
Видео Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" арнасынан алынды
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір