• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 20:30:04
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

09 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Алматылықтар бүгін қоғамдық көлікте тегін жүреді

Алматылықтар өз сайлау учаскелеріне қоғамдық көлікпен тегін бара алады. Автобус, троллейбус, тіпті метроға дейін ешкімнен ақы сұрамайды. Бағыттардың қозғалысы жексенбілік кесте бойынша жұмыс істеуде. Тасымалдаушылар бүгін 700 мыңнан астам жолаушы болады деп болжап отыр. Компаниялардың басшылары елімізде өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауын осылайша қолдамақ.

 «Қоғамдық көліктер таңғы сағат 6.00-ден түнгі сағат 11.00-ге дейін тегін қатынайды. Алматы қаласындағы 14 тасымалдаушы компанияның барлығы да бүгін ел игіліне ақысыз қызмет етеді. Әр бағыттың қатынау қашықтығы әр түрлі,  бірақ енді осы 9 маусым күні ол жексенбі күнгі кестеге сәйкес жүреді», - дейді Алматы қаласы Жолаушылар тасымалы мекемелері

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қызылорда мен Шымкент қалалары аталған акцияны қолдайтындарын жеткізген еді. Бұл қалаларда да сайлаушылар өз учаскелеріне тегін жете алады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір