17 Маусым, 2019 Денсаулық
Қатерлі ісіктің алдын алатын вакцина жасалды
"Бас пен мойын, сүт бездеріндегі қатерлі ісікті жоюға көмегі орасан зор", - дейді ғалымдар.
Tengrinews.kz
Ғалымдар қатерлі ісікке шалдықпау үшін қолданылатын вакцина ойлап тапты. Тәжірибе 11 адамға жүргізілген. Нәтижесі аталған вакцинаның обырдың қатерін төмендетуге көмектесе алатынын көрсетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымдардың айтуынша, бұл вакцина қатерлі ісікті толық жоқ қылуға қауқарсыз. Бірақ оның салдарымен күресуге, алдын алуға әлеуеті жетеді-мыс.
Емделу барысында аталған вакцина құрамындағы дәрілік заттар ісік аумағына еніп, обырдың маңайынан иммундық талшықтардың санын арттырады. Ал имундық талшықтар күш алған сайын қатерлі ісіктің беті қайта бастайды екен.
Ғалымдар бұл терапияны сүт безіндегі, мойындағы және бастағы қатерлі ісіктерді жою үшін қолдану қажеттігін айтады. Өйткені, бұл вакцинаның тәжірибе кезінде көрсеткен нәтижесі ауқымды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір