• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 14:40:48
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

20 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Министр мінберден: мемлекет кәсіпкерлерге несие беру керек

Несие көлемі ірі екен. Не мақсатта бермек. Тарқатамыз.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап "Бизнестің жол картасы – 2025" жоспары қабылданады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жаңа құжаттардағы мүмкіндіктерге сәйкес, кәсіпкерлердің айналым шығынына көмек беру мақсатында бөлінетін қаражаттың жалпы құны 60 миллион доллардан 360 миллион долларға дейін артпақ.

"Бұл көмекті бәсекеге қабілеттілігі және өнімділігі төмен кәсіпкерлер ала алады. Осылайша біз қазынадан бөлінген қыруар қаражатты ұтымды жұмсап, елдегі экономикалық өсуді қалыптастыра аламыз", - деді Дәленов.

Бұдан бөлек, Ұлттық экономика министрлігі елдегі кей кәсіпкерлерді қаржылай емес, бірақ түрлі бағыттарда қолдамақ. Минситрдің айтуынша, бизнесте жаңа технологияларды жетік меңгеру, ІТ-сервистерді толық тану сынды дүниелер өз деңгейінде емес. Осыған орай, министр түрлі курстар мен біліктілікті арттыратын тәжірибелік жұмыстар ұйымдастыруды көздеп отыр.

"Жаңа жол картасының жоспарларына сәйкес, кәсіпкерлердге берілетін қарапайым несие көлемін 20 миллионнан 60 миллионға дейін арттыру көзделуде. Сондай-ақ, осы жобаға микроқаржылық ұйымдарды банктермен бірге тартпақпыз. Бұл жобаны жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосады. Қазіргі уақытта шағын несие беретін қаржылық ұйымдар орта және шағын кәсіпті қолдаудағы негізгі қаржы көзі болып отырғаны рас", - деді Дәленов.

Сондай-ақ, аталған жобада несие алудың бағыттары кеңейтіліп, франшизаларды алу мәселесі шешілген және субсидияға тағайындалатын сыйақы мөлшері де кәсіпкерлерге қолайлы.

"Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеялар үшін мемлекеттен берілетін гранттар мөлшері 3 миллионнан 5 миллионға дейін артады. "Бизнестің жол картасы - 2025" бағыты аясында 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны пайда болмақ. Ал салықтық түсімнің көлемі 1,3 трлн. теңгеге дейін көтеріледі", - деп түйді сөзін министр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір