21 Маусым, 2019 NEWS
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күн сайын 15 сағат жұмыс істейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап.
Министрдің халыққа есеп беру кездесуінде залда отырған жастардың бірі ІІМ басшысына "полицейлердің жұмыс уақытын белгілеу қайта қарастырыла ма?" деген сұрақ қойды. Оның айтуынша, қазір тәртіп сақшылары белгіленген 8 сағаттық жұмыстың орнына, күніне 14-15 сағат жұмыс істеуде. Сонымен қатар, ол болашақта полиция қызметкері болып жұмыс істегісі келетінін жеткізді.
"Егер шыныдығын айтар болсақ, заң бойынша 8 сағат жұмыс істеу керек. Мен жұмысқа таңертең 7.30-да келіп, түнгі 10-да қайтамын. Өйткені мен министрмін. Қазір жұмыс өте көп, қылмыстармен күресуіміз керек. Сол себепті, мен 8 сағатты сылтауратып жұмыстан ерте кетіп қалсам, қылмыскерлермен кім күреседі? Егер осы салада жұмыс істегің келсе, өзің ойлан", - деп жауап берді Ерлан Тұрғымбаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір