• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:16:50
Алматы
+12°

24 Маусым, 2019 Оқиғалар

Тоқаев: Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыста болған жарылысқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты тиісті министрліктер мен мекемелерге тапсырма берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.

"Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", - деді Қазақстан президенті өзінің жазбасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев арыс жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір