01 Шілде, 2019 Денсаулық
Арыстағы жарылыс кезінде зардап шеккен 50 адам ауруханада жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы науқастармен кездесу кезінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 50 науқас ауруханада ем қабылдап жатыр. Ауыр жарақат алған екі адам Нұр-Сұлтан қаласына, тағы екі адам Алматыдағы емдеу мекемелеріне жеткізілген.
"Қажетті дәрі-дәрмек бар, медициналық көмек штаттық режимде көрсетіліп жатыр", - деді Біртанов.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазір Арыс халқына медициналық көмек көрсету үшін 17 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Бұл іске төрт жылжымалы кешен, Ұлттық сараптама орталығының 18 қызметкері мен 2 жылжымалы зертхана жұмылдырылған.
Ауыр жарақат алған төрт адам Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жеткізілді.
Сондай-ақ, радиациялық бақылау тобы Арыс аумағын тексерді.
"518 зерттеу жүргізілді. Радиация деңгейі санитарлық нормаларға сай. Сондай-ақ жарылыс аумағындағы жер қыртысы тексерілді", - деді Біртанов.
Министр атмосфералық ауа елу рет тексерілген атап өтті. Микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерді зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олар да нормаға сай.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір