• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 19:05:22
Алматы
+35°

02 Шілде, 2019 Саясат

Бердібек Сапарбаев: Жұмысшылар жалақы мәселесін көтермеді (видео)

Сапарбаевтың айтуынша, Теңіздегі жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасындағы жалақы айырмашылығын тексеру үшін арнайы жұмысшы тобы құрылған.

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев 2 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткен брифингіде Теңіздегі жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасындағы жалақы айырмашылығы туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Сапарбаевтың айтуынша, Теңіздегі жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасындағы жалақы айырмашылығын тексеру үшін арнайы жұмысшы тобы құрылған.

"Қазақстан заңына сәйкес еңбекақыда айырмашылық болмауы керек. Қазір соны жұмысшы тобы тексереді. Жұмыс берушілерден неге айырмашылық бар екенін анықтайды. Одан кейін мұны қалпына келтіруге жұмыс жасаймыз. Ал Теңіздегі жағдай бақылауымызда", – деді Сапарбаев.

Министрдің сөзінше, арнайы комиссия құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Атырау облысы әкімдігі мен еңбек инспекциясы, "Теңізшевройл" мен оған қарайтын мердігер мекеме Сonsolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore (CCEP) өкілдері кірген.

Сонымен қатар Сапарбаев "29 маусымда болған жанжал кезінде жұмысшылар жалақы мен жұмыс жағдайы туралы мәселе көтермеді" деп мәлімдеді.

"Ол жерде көтерілгені – тұрмыстық мәселе еді. Бірақ қазір олардың еңбекақысы, тұрмыстары, еңбек қауіпсіздігі тексеріледі", – деді Сапарбаев.

29 маусымда Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз кентінде "Теңізшевройлдың" мердігері Consolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore (CCEP) компаниясының жұмысшылары арасында жанжал шыққан. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір