• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Мамыр, 15:19:14
+35°

"Дүр қамшы" – сұхбат. "Дүр қамшы" – сараптама. "Дүр қамшы" – кәсіп. "Қамшы" ақпарат агенттігі осындай бірнеше жанрды қамтитын "Дүр қамшы" жобасының басталғанын хабарлайды.

Қоғамда болып жатқан өзекті, күрделі, өткір мәселелерге уақытымен үн қатып, дер кезінде талқыға салатын “Дүр қамшы” жобаларын белгілі журналист, “Нұр-Сұңқар” жүлдесінің, “Халық алғысы” төс белгісі, “Шапағат” мемлекеттік медалі, Президент Премиясының иегері Ирина Советжанқызы жүргізеді.

Жоба аясында танымал тұлғалар, әр саланың майталман мамандары, кәсіби сарапшылар салмақты ой, саралы сөз айтады. Басты бағыт – мәселенің мәніне үңіліп, тақырыпты бейтарап, объективті түрде тарқату.

Хабар шымылдығы Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеевпен болған сұхбатпен ашылғалы отыр.

Кәсіби маман суицидтің себебі, психикалық ауруларды өз бетінше емдеудің қатері, психикалық орталық туралы мифтер, оқымай психолог болып жүргендердің қаупі, ақыл-ес ауытқушылығына себепші факторлар туралы айтып береді.

Сұхбаттың толық нұсқасы ертең сағат 09:00-де Қамшының YouTube арнасына жарияланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір