• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:51:30
Алматы
+35°

04 Шілде, 2019 Саясат

АҚШ Қазақстандағы саяси реформаларды қаржыландырмақ: астарында қауіп бар ма?

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ сапарынан қандай олжа тапты?

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ-қа барған ресми сапарында Ұлттық қауіпсіздік бойынша президент кеңесшісі Джон Болтонмен және мемлекеттік хатшы Майкл Помпеомен кездесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында АҚШ өкілдері Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы туралы пікір білдіріп, әрі қарай екіжақты қарым-қатынасты дамыту туралы сөз болды. Атамқұлов өз кезегінде жаңадан сайланған президенттің жаңа даму жолында АҚШ-пен стратегиялық серіктестік орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

Америкалық тарап министрдің бұл сөзіне Тоқаевтың қоғамдық-экономикалық және саяси бағыттарын қолдайтынын, қажет болған жағдайда реформаларды жүзеге асыруға көмек беретінін жеткізді. Болтонның айтуынша, АҚШ та Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестік орнатуға оң көзқараста.

Қос тарап бұрыннан қалыптасқан сапалы келіссөздер мен екеуара жоспарларды қалпында қалдыруға уағдаласып, сондай-ақ, күн тәртібіндегі халықаралық және аймақтық маңызды мәселелерді тізе қоса отырып шешуге сөз байласты. Кездесу барысында Болтон мен Помпео қазіргі уақытта күшінде тұрған стратегиялық серіктестік бағытын одан әрі дамыту қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, басқосу барысында АҚШ өкілдері Қазақстан экономикасындағы энергетика, транспорт, өнеркәсіп, инфраструктура, қаржы, фармацевтика, әуе-ғарыштық, ІТ-технологиялар, киберқауіпсіздік салалары бойынша инвестиция салуға кетәрі емес екендіктерін білдірді.

Одан әрі халықаралық мәселелерді шешу барысындағы серіктестік туралы сөз қозғалып, тараптар бүкіләлемдік терроризммен күресу, аймақтық қауіпсіздік, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және басқа да мәселелер әңгіме болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір