• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 05:14:00
Алматы
+35°

05 Шілде, 2019

Миллионға жиһаз сатып алған министрлік

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі кеңсе жиһаздарын сатып алды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 7 млн теңгеге кеңсе жиһаздарын сатып алды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында тауар жеткізушілер 30 күннің ішінде Еңбек министрлігіне кеңсеге арналған жиһаздың 10 комплектісін жеткізу керек деген ақпараттан ши шықты. Өйткені осы мақсатқа бюджеттен бақандай 7 млн теңге бөлінген. Бұл сома елдің түсінбеушілігін туғызып, ақыры құзырлы мекеменің баспасөз хатшысы Қанат Құлшыманов оған жауап беруге мәжбүр болды. Ол Facebook-тегі парақшасында бірқатар дәлел келтіріп, айғақ суреттер жариялады.

"Бүгін бірақатар БАҚ беттерінде Еңбек министрлігі сатып алған кеңсе жиһазына қатысты мәліметтер жарияланды. Осы мәселенің басын аша кетсем деймін. Біздің министрліктегі жиһаздардың жаңаланбағанына 10 жыл болған. Соңғы рет 2008 жылы сатып алынды ғой деймін. Бүгіндері кеңседегі жиһаздардың 80 пайызы ескіріп, тозығы жеткен.

Қызметкерлеріміздің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында биыл кеңсе жиһазының 10 комплектісін алып жатырмыз. Оған жұмыс креслосы, үстелдер, құжат пен киім ілуге арналған шкафтар, сырмалар және тағысын тағы. Барлығы - 80 зат. Міне, осының бәрінің жалпы құны 7 млн 142 мың теңге болды.

Содан кейін, баса айта кетер жайт, мемлекекттік сатып алулардың ережесі бойынша тауардың ең төменгі бағасын ұсынған тауар жеткізуші таңдалып алынады бұл арада.

Жиһаз 10-15 жылға деп алынады. Сондықтан ол сапалы әрі қауіпсіз болуы тиіс. Соның өзінде ешкім шетелдің қымбат жиһазын алып жатқан жоқ. Отандық тауарлар оның бәрі",- деп жазды ол.

Одан кейін өз сөзінің дәлелі ретінде мына суреттерді желіде жариялады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір